Ел жаңалықтары

Қарағандыда батут аударылған саябақ басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды

  • Қарағандыда батут аударылған саябақ басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды

    Қарағандыда батут аударылған саябақ басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды

Қарағанды қаласындағы бала өліміне себеп болған батут оқиғасы бойынша "Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы" мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды, - деп хабарлайды Хабар 24 тілшісі.


Оларға балалар сауық нысанын заңсыз әрі талапқа сай орналастырмай, өз жұмысына салғырт қараған деген айып тағылып отыр. Еске салсақ, 25 мамырда қатты жел саябақтағы батутты ұшырып әкетіп, бір бала мерт болған еді. Тағы екі жеткіншек ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. "Департамент тарапынан сотқа дейінгі іс қозғалып, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 371 бабының 2-ші бөліміне сәйкес қызметіне немқұрайлы қараған тұлғалар 4 мың айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді немесе мың сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Сондай-ақ, заңда 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған", - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басқарма басшысының орынбасары Александр Иксанов.

 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сенбі, 01.06.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31