Ел жаңалықтары

Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер автокөлікпен облыстық әкімдік ғимаратын соқты

  • Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер автокөлікпен облыстық әкімдік ғимаратын соқты

    Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер автокөлікпен облыстық әкімдік ғимаратын соқты

Қарағандыда мектеп бітіруші түлектер жеңіл көлікпен жүйіткіп, облыстық әкімдік ғимаратына соғылып бір-ақ тоқтаған. Тізгіндегі 17 жастағы жігіттің жүргізуші куәлігі де жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зәулім ғимаратқа көлікті соққан бозбала алғашында «жолымды басқа көлік кесті» деп ақталған. Алайда, оны куәгерлер жоққа шығарды. Болжам бойынша, олар мектептердің біріндегі соңғы қоңырау меркесінен келе жатқан екен. Ешқайсысы жарақат алмаған.

«Жүргізуші мас болмаған», - дейді полицейлер. Көлік 17 жастағы бозбалаға тиесілі екен. Сондықтан кәмелетке жетпегенге тізгін ұстатты деп ешкім айыпталмайды. Мектепті бітіре сала, қымбат көлікті тақымдаған баланың отбасы Жеңіс Қасымбек отыратын ғимараттың қираған тұсын жөндеуі тиіс. Салынатын айыппұлы тағы бар.

«18-ге толмаған бозбала жол оқиғасынан еш жарақат алған жоқ. Көлік өз атына алынған, бірақ, куәлігі жоқ. Жол ережесін бұзған азамат 60 АЕК айыппұл төлейді», - дейді Қарағанды қалалық ПБ бастығының орынбасары Ерлан Ақылбеков.

 

 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 02:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31