Қарағандыда ойыншылар аттракцион басында тұрып қалды

10 мамыр 2022, 16:34

Қарағандының орталық саябағында бір күн бұрын жағымсыз оқиға орын алды. Бірнеше ойыншы аттракцион басында тұрып қалды. Ойыншылар рельспен төмен түсуге мәжбүр болды.

Оларға аттракцион қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды Патриот Telegram арнасы.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда саябақ басшылығы барлық аттракциондарды тексеруге бел буып, жұмысын тоқтатқан.

"Қауіпсіздікті тексеру мақсатында техникалық жарамдылық сараптамасынан өткені туралы сертификат алған барлық аттракциондар осы оқиғалардың қайталанбауы үшін уақытша тоқтатылады", - деді саябақ басшылығы.

 

"Америкалық сырғанау" аттракционы арнайы конструкциядағы рельстермен қозғалады және жолаушылары бар вагонеткалардың құрамы қозғалыс бағыты мен жылдамдығын күрт өзгертетіндей етіп жасалған.