Ел жаңалықтары

Карантин: Ақмола облысының 11 ауданында құс тұмауы өршіп тұр

  • Карантин: Ақмола облысының 11 ауданында құс тұмауы өршіп тұр

    Карантин: Ақмола облысының 11 ауданында құс тұмауы өршіп тұр

Ауру шыққан ауылдарда вакцина салынбайды. Оларға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы топ барып, алдымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді, содан кейін тірі қалған құстарды да түгел өртеп жібереді.

Қазір Ақмола облысында 1 мыңнан астам құс қырылып қалған. Ветеринар мамандар жұқпалы ауруды одан әрі таратпау үшін жаппай егу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өңірде құс тұмауы соңғы рет 8 ауылдан анықталған. Енді ол елді мекендерде карантин жарияланып, құс өнімдерін сатуға тыйым салынды.

«Құстың өлімі алдымен 6 ауданда тіркелсе, кейін тағы 5 ауданда пайда болды. Сонымен, қазір біздегі 11 ауданда құстың өлімі тіркеліп отыр. Әлбетте, бұл тіркелген аудандардағы құстың өлімі мен паталогиялық материалдары зертханаға жіберілді», - дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жүнісов.

Енді құс тұмауын таратпау үшін облысқа 510 мың вакцина жеткізілген. Екпе егу жұмысы 10 күнде аяқталады деседі мамандар. Ал ауру шыққан ауылдарда вакцина салынбайды. Оларға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы топ барып, алдымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді, содан кейін тірі қалған құстарды да түгел өртеп жібереді.

Skifnews.kz




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сенбі, 26.09.2020, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31