Ел жаңалықтары

Карантин қайта енгізілсе, 42500 теңгенің қаншаға өсетіні белгілі болды 

  • Карантин қайта енгізілсе, 42500 теңгенің қаншаға өсетіні белгілі болды 

    Карантин қайта енгізілсе, 42500 теңгенің қаншаға өсетіні белгілі болды 

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда, 42 500 теңгенің қаншаға өсетінін айтты деп хабарлайды Kaz.nur.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Мырзахметовтың сөзінше, министр ақшаның сомасын арттыру туралы кеше ғана айтқанымен, кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені мамыр айында қозғаған. "42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты", &ndash деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Еске сала кетейік, кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қатаңдатылған карантин қайта енгізілсе, жұмыссыз қалғандарға берілетін төлем собасы көбейетінін хабарлаған еді. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, егер елде коронавирустың екінші толқыны болып, қатаңдатылған карантин енгізілсе, онда 2,2 миллион адам қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Ал жұмыс істейтін тұрғындардың тек жартысы ғана қалыпты режимін сақтай алады. Олардың қатарына ауыл шаруашылық, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау саласында еңбек ететіндер жатады. Сондай-ақ 2,5 миллиондай адам қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қанша жалақы алады Айта кетсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 42500 теңгені алуға құқы жоқ деп танылған тұрғындардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралатыны туралы ақпарат жарық көрді.

Kaz.nur.kz 




Көрілген: 2332    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31