Ел жаңалықтары

Карантин кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жазаланатын болды

  • Карантин кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жазаланатын болды

    Карантин кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жазаланатын болды

«Нысан иелеріне бекітілген талап-ережелерді қатаң сақтауын ескертеміз. Олай болмаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке де тартылулары мүмкін», - дейді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы.

Көкшетауда елде енгізілген төтенше жағдай кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылатын болды. Оқиға өткен түні қаладағы тойханалардың бірінде болған. Олардың заң бұзғанын полицейлер арнайы рейд барысында анықтаған, деп жазады «Айқын» газеті.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мерекелік іс-шарада 100-ден астам адам болған. Енді кәсіпкерлік нысанының қожайыны 26 500 теңге айыппұл төлейді. Жалпы, жедел алдын алу шарасы барысында түнгі 22:00-ден кейін де жұмыс істеген бірнеше көңіл көтеру орыны анықталған.

«Аталған нысандардың иелеріне бекітілген талап-ережелерді қатаң сақтауын ескертеміз. Олай болмаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке де тартылулары мүмкін. Ал тұрғындарды төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз», – деді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов. 




Көрілген: 187    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 01:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30