Ел жаңалықтары

Карантин: Семей тұрғыны 15 адамды жинап, құдалық жасаған

  • Карантин: Семей тұрғыны 15 адамды жинап, құдалық жасаған

    Карантин: Семей тұрғыны 15 адамды жинап, құдалық жасаған

Семейде жасырын той өткізген қала тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, рейд жүргізу барысында жеке үйлердің бірінен тәртіпбұзушылық анықталған.

«Барлық тыйым мен ескертуге қарамастан, Семейде 14 шілде күні жеке үйде өткізілген құдалыққа 15 адам жиналған. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жалпы, ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстанда карантин режимі мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 425-бабына сәйкес: физикалық тұлғаларға салынатын айыппұл – 30 АЕК немесе 83 340 теңге, шағын кәсіпкерлік мекемелеріне 230 АЕК немесе 638 940 теңге, орта кәсіпкерлікке – 310 АЕК немесе 861 180 теңге, ірі кәсіпкерлікке – 1600 АЕК немесе 4 444 800 теңге айыппұл салуда.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарынан санитария-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды. Соңғы күндері Семейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайғанымен, жасырын іс-шара өткізу вирусты инфекцияның таралуына себеп болуы мүмкін.

 

 




Көрілген: 95    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 21:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Тамыз, 20:09
    Өркениет шырақшысы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31