Ел жаңалықтары

"Карантин тоқтатыңдар": Атырау облысында кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды талап етті

  • "Карантин тоқтатыңдар": Атырау облысында кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды талап етті

Атырау облысының Құлсары қаласындағы кәсіпкерлер әкімдік алдына жиналып, карантин шараларының жұмсартылуын талап етті. Айтуларынша, соңғы екі айда шағын кәсіпкерлердің табыс көзі азайып, күнкөріс қиындай бастаған. Сондықтан олар базарлар мен сауда орындарын ашуды сұрап отыр, деп хабарлайдылысының тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Фото: Ақ Жайық

 

Жылыой ауданы бойынша карантиндік шара тағы екі аптаға ұзартылған. 18-маусымға дейін дәріхана, азық-түлік дүкендерінен басқа базар, сауда орталығы секілді кәсіпкерлік нысанның жұмыс істеуіне тыйым салынды. Алайда кәсіп иелері бұған көнбей, аудандық әкімдік алдында шу шығарды. Осыған байланысты бүгін облыстық әкімдіктен жасақталған топ өкілдері Құлсары қаласына арнайы келіп, жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Десе де ауру ошағына айналған аумақта карантиндік шаралар қалай да сақталатын болады.


Атырауда карантин күшейтілді

"Ауданның елді мекендерінде 43 жағдай анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Күні кеше ғана қайтыс болған екі азамат та осы ауданның тұрғындары. Қазір жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр", - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек. 

 

 
 

 

 

 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31