Карантинде той өткізген судья дауы: Қарағанды облысының прокуратурасы түсініктеме берді
Қарағанды облысының прокуратурасы мейрамханада той жасап, басы дауға қалған судья Естай Исабековтің айыптауына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қарағанды қаласындағы "Рубин" мейрамханасында шара өткізуге қатысты және ол орындағы прокуратура қызметкерлерінің болғаны туралы облыстық сот судьясының түсініктемесі келтірілген мониторингтік топтың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таралуда. Мейрамхана персоналы мен мониторингтік топ мүшелері арасында сауал қою, полиция қызметкерлерінің бейнежазбалық жетондарын және мейрамханадағы бақылау камераларын зерделеу нәтижесімен қадағалау ведомствосы қызметкерлерінің мейрамханада болғаны расталмағанын хабарлаймыз", - деді ведомствода.
 Облыс прокуратурасы уәкілетті лауазымды тұлғалар растаған ресми ақпаратты басшылыққа алу керек екенін атап.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков түскен бейнеролик таралды. Ол анасының мерейтойын қаланың танымал мейрамханаларының бірінде өткізген. Видеода судья мониторингтік топ мүшелерінен шу көтермеуін сұрайды. Сондай-ақ, ойын-сауық мекемесінің көрші залында прокуратура қызметкерлері жүргенін айтады.
Кейін тойдың ұйымдастырушысы Естай Исабековтің ағасы екені белгілі болды. Судьяның ағасы кінәсін мойындаған, оған айыппұл салынған.
Ал Естай Исабеков тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оның жұмыс орнына хат жіберілген.