Ел жаңалықтары

Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты

  • Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты

    Карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт отандасымыз шағым айтты

Жапония жағалауында карантинде тұрған круиздік кемедегі төрт қазақстандық Сыртқы істер министрлігіне шағым айтты. Олардың жағдайы жақсы, барлық қажеттілікпен қамтылған, тек өздері туралы ақпаратты азайтуды сұрап отыр екен, - деп хабарлады КТК арнасы.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі: - Олардың жағдайлары өте жақсы. Ешқандай да шағым айтқан жоқ. Біздің ақпаратқа сәйкес, ол жерде екі әйел және екі немересі бар, 8-12 жаста. Ертең 19-ақпанда карантин бітеді.

Төртеуі қазір қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін сынама тапсырып, нәтижесін күтіп отыр. Карантин аяқталған соң, жолаушыларды кемеден шығару жұмысы басталады. Бұл жұмыс, адамдар саны 3 мыңнан асатындықтан, екі күнге жоспарланған. Сыртқы істер министрлігі отандастарымызбен және Жапонияның денсаулық сақтау министрлігімен тұрақты байланыста. Жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілген. Жапония тарапы кемедегі бақылау нәтижесінен соң барлық азаматтарды екінші мәрте тексеріп шықпақ. Егер қазақстандықтардан коронавирус анықталмаса, олар қалаған уақытында елге орала алады.




Көрілген: 197    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 14:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30