Ел жаңалықтары

Карантиндегі челлендж: қазақстандықтар шаштарын тақырлап ала бастады

  • Карантиндегі челлендж: қазақстандықтар шаштарын тақырлап ала бастады

    Карантиндегі челлендж: қазақстандықтар шаштарын тақырлап ала бастады

Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты.
Қазақстанда жаңа шаш үлгісі сәнге айнала бастады. Карантиндегі адамдар шашын тақырлап алып жатыр, деп жазады Sputnik.

Қытайда эпидемия кезінде медицина қызметкерлері гигиена сақтау жеңілірек болуы үшін шашын тақырлап алған болатын. Қазақстанда да бұл әдіске қызығушылық танытушылар күн сайын көбейіп келеді. Сұлулық салондары жабық. Олардың қашан ашылатыны белгісіз. Сондықтан тұрғындар шашын өз үйінде ала бастады.

Елде 16 наурызда төтенше жағдай жарияланып, 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылған болатын. Кейін өзге өңірлер мен қалалар да бірінен соң бірі жабыла бастады.

Алғашқылардың бірі болып шашты тақырлап алу челленджіне Eurasian Resources Group-тың корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Фатима Қосаева қатысты. Оның шашын күйеуі алған. Сурет желіде 27 наурыз күні жарияланды.

Дәл осы күні астаналық блогер Ерлан Сәкенов те осындай қадам жасады.

Ал бизнесмен Әлішер Елікбаев бұл процесті видеоға түсіріп алған. 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 02:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31