Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қарны қампиып, іші жылтырап": Альбина Шардарова ашық образы үшін сынға қалды

04 тамыз 2022, 13:25

Әнші Альбина Шардарова кеудесі, іші ашық киім киемін деп көпшіліктен сөз естіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Альбина жұбайы Бауыржан Сатовпен бірге отандық кинокомедияның тұсаукесеріне қатысты. Фильмде әншінің күйеуі басты рөлдердің бірін сомдаған.

"Казахи против пришельцев" фильмінің тұсаукесері. Барлығына Бауыржанның рөлі, оны жоғары деңгейде алып шыққаны ұнап жатыр. Ал мен жанында мәз боп, комплименттер естіп жүрдім.

Бүгінгі образым қалай сіздерге? Әдемі болып жүрген сияқты болдым өзім. Менің көңілімнен шықты. 

Қысқасы кинодағы жігіт те, оның жанында тұрған қыз да ұнады! Сіздерге ше?" - деп көпшіліктің пікірін сұрады Шардарова. 

Алайда желідегі оқырмандары Альбинаның жаңа образын қолдамады. Керісінше ауыр сын айтты. 

"Ренжімеңіз, бірақ мына киіміңіз кішкене ыңғайсыздау", "Киіміңіз жараспайды, ішіңізді тарту керек. Майларың қатты көрініп тұр. Ренжімеңіз, сізге әдемі көйлектер жарасады", "Альбина мына образың болмады, қарның қампиып, ішің жылтырап, негізі әп-әдемі қазақтың қызысың. Немесе қарныңды тарту керек еді", "Ішіңіз шығып тұр. Онша жарасымды емес сияқты. Кеуде де сәл ашық, ерсілеу. Көз алдымызда Альбинаның киім киісі бөлектеу болатын", - деп жазды олар.