Ел жаңалықтары

"Картоп тауы": Қарағанды облысында тау боп үйілген тегін картоп жұртты таңғалдырды

  • "Картоп тауы": Қарағанды облысында тау боп үйілген тегін картоп жұртты таңғалдырды

Қарағанды облысында Теміртауға жақын маңдағы далада картоп тау болып үйіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар тегін көкөніске қуанып, тасып әкетіп жатыр.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.


Самарқан аулына барар жолда көлік қоятын жер жоқ. Мұнда ондаған көлік тұр. Ауыл шетіндегі «картоп тауы» көлемімен таңғалдырады. Тұрғындар қараусыз қалған көкөністі қапқа салып, тасып жатыр.


«Картоп қоймаға сыймай қалған. Сондықтан халық жинап алуы үшін, осы жерге төккен», - дейді желіде тараған видео авторы.


Ал Самарқан аулындағы шаруа қожалығындағылар «картоп тауының» қайдан пайда болғанын және тұрғындардың оны тасып әкетуіне неліктен кедергі келтірілмегенін түсіндірді. Анықталғандай, олар картоптың сатуға жарамайтын қалдықтарын төккен.


«Картоп топырақпен араласып кеткен. Ол сұрыпталып алынады. Қалғаны жыл сайын осылай төгіледі. Адамдарға келіп, жинап әкетуіне кедергі жасамаймыз. Кейбірі малға жем ретінде жинаса, енді бірі тағамдық мақсатта жинап алады. Өзге шаруашылықтар бұлай жасамайды. Салдарынан картоп босқа бұзылып, шіріп кетеді», - дейді көкөністерді сақтау бойынша технолог Сергей Мельников.


Тұрғындардың сөзінше, үйілген картоптың арасынан жеуге жарамдыларын табуға болады. Нәтижесінде көбі тегін картопты жинап алып, қысқа сақтауда.


Айта кетсек, бұған дейін осындай жағдай Алматы облысында да болған еді. Балпық би – Қарабұлақ тасжолында үйіліп жатқан картопты тұрғындар үйіне тасып, риза болған еді.




Көрілген: 814    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31