Қашағанда құбырдан газ шығуға байланысты жұмыс тоқтады

05 тамыз 2022, 16:16

Қашаған кен орнында газдың шығуына байланыс жұмыс тоқтатылған. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2 тамызда Қарабатан зауытында сезбектер слагкетчерге баратын 12 желіде (құбыр) газ шыққанын анықтады. Біреуінде құбыр жарылып кеткен", – делінген хабарламада. 

Компания өкілдерінің мәліметіне сәйкес, бұл металдағы тот басудан болған. Жөндеу жұмыстары 7-10 күнге дейін жалғасуы мүмкін. 

Қазір комиссия тексеріс жүргізіп, өзге желілерді де тексеріп жатыр. Мұнай шығару жұмыстары бір аптаға тоқтауы мүмкін.