Қашықтан жұмыс істеуге ниеттілер көп

16 қазан 2021, 21:58

Бұл туралы HeadHunter Қазақстанға сілтеме жасай отырып Elorda.info хабарлайды. Биылғы үшінші тоқсанда сайттағы резюмелер мен бос орындар саны күрт өскен: жұмыс іздеп жүрген адамдардың резюмелерінің саны алдыңғы тоқсандағыдан 38,5%-ға артса, бос орындар саны 13,5%-ға көбейді.

Бос жұмыс орны саны бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Атырау қалалары алда келеді. Үшінші тоқсанда Алматыда 4 870, Нұр-Сұлтанда 1 732, Қарағандыда 602, Шымкентте 516, Өскеменде 459 жаңа вакансия тіркелген.

Сұранысқа ие салалар аса өзгере қоймады. Сату, есеп, қаржы, әкімшілік персонал, ақпараттық технологиялар, интернет, телеком және көлік, логистика салаларында бос жұмыс орны көп.