Каспий теңізінде жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр

02 мамыр 2022, 12:37

Каспий теңізінде жоғалған балықшыларды 17 құтқарушы, волонтерлар мен жоғалғандардың туыстары іздеп жатыр. Бұл туралы Lada.kz  сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  «30 сәуірге қараған түні 1994 жылы туған Қазақстан азаматы мен 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы темір қайықпен теңізге балық алауға шығып, содан оралған жоқ. Каспий теңізінің жағалауында Ақшүкір ауылының маңында іздеу жұмыстарына қайықтармен 17 құтқарушы кірісті. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына ҚР Теңіз әскери күштерінің 29011 әскери бөлімінің «Орал» қарауыл кемесі жұмылдырылды. Жоғалғандарды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның құтқарушылары Ми-870 тікұшағымен де іздеп жатыр. Тікұшақтың бортында ТЖМ-нің 4 өкілі мен жоғалғандардың туысы бар», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.