Ел жаңалықтары

Кәсіпкерлерге банк шоттарынан кез келген соманы шешуге шектеу қойылды

  • Кәсіпкерлерге банк шоттарынан кез келген соманы шешуге шектеу қойылды

    Кәсіпкерлерге банк шоттарынан кез келген соманы шешуге шектеу қойылды

Кәсіпкерлердің банк шоттарынан  қолма-қол ақша алуына шектеулер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

 
Кәсіпкерлік субъектілері 1 ай ішінде банк шоттарынан қолма-қол алатын сомасының мынадай шекті мөлшері бекітілді:

20 000 000 (жиырма миллион) теңге – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;
120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;
150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге – ірі кәсіпкерлік субъектілері
үшін.
«Бұл талап микро кәсіпкерлік субъектілеріне; ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне; бірлескен қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бар тамақ өнімдерімен, сусындармен, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты», - делінген хабарламада.
Көрсетілген қағидаларда қолма-қол ақшаны алудың белгіленген шекті мөлшерінен асқан жағдайда, кәсіпкерлер банкке бірқатар құжаттарды өткізуі тиіс.

«Кәсіпкер банкке қолма-қол ақшаны алуды растайтын құжатын, мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер мен құжаттарды жіберу жөніндегі келісімін өткізуі керек», - деп жазылған.




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30