Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

25 мамыр 2022, 18:53

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

 
– Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Айта кетейік, АҚШ-тың Техас штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, 18 оқушы мен үш ересек адам, оның ішінде мұғалім қаза тапты.