Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде ресми парақшасын ашты

01 сәуір 2019, 20:57

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram əлеуметтік желіcінде ресми парақшасын ашты. Бұл туралы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым.
Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым", - деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.

Президенттің ресми парақшасы - @tokayev_online.