Ел жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңа сайланған Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған Президенті Ибрахим Раисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады.

– Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты. Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.




Көрілген: 1302    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 15:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31