Ел жаңалықтары

Қатонқарайда туристік кешен салынады

  • Қатонқарайда туристік кешен салынады

    Қатонқарайда туристік кешен салынады

Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарай туристік кешені салынады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері араб инвесторлармен жасалған келісімдер қандай салаларға әсер етіндігін сұрады. «Электр энергетикасынан басқа ауыл шаруашылығы, фрамацевтика, турзим, көлік және логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешеніне 50 млн доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 мың тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді. Ал туризм саласын айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарай туристік кешені салынады. Осы жобаға 120 млн доллар инвестиция тартылады. Фармацевтика бағытында араб компанияларымен ынтымақтастық елімізді қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Көлік және логистика бойынша Қазақстанның көтерме тарату орталықтары желісін дамытуға мүмкіндік береді. Осы инвестициялық жобалар азаматтарымызды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді», - деді министр. Айта кетейік, 2021 жылғы 9-10 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Келіссөздер қорытындысы бойынша экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Құжат ҚР ұлттық экономикасының энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі 6 млрд доллардан асады.




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 17:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30