Ел жаңалықтары

Қатты аяз және жел – ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

  • Қатты аяз және жел – ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

    Қатты аяз және жел – ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың бірқатар өңірінде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді деп болжануда. Солтүстікте 40 градус аяз болады
Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Жексенбі, 24 қаңтарда синоптиктер бірқатар өңірде қар түрінде жауын-шашын болжап отыр. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады және жел күшейеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Өңірлердегі ауа райы
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтілуде. Атырау облысында көктайғақ болады, Маңғыстау облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін барады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман, бұрқасын, қатты жел болжанып отыр. Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында, түнде Қарағанды, күндіз Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасындатады, жел 15-20 м\с дейін күшейеді. Сондай-ақ, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерді тұман басады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының солтүстігінде 40 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда 24 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. 2-4 м\с жел. Түнде ауа температурасы -18-23 градус, күндіз -20-24 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 1-3 м\с жел соғады. Сынап бағанасы түнде 5-6 градус, күндіз 4-5 градус суықты көрсетеді.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 2-5 м\с. Түнде температура &ndash 2-3 градус суық, күндіз нөлден -1 градусқа дейін.
 
 




Көрілген: 1391    Пікірлер: 0

сенбі, 23.01.2021, 23:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31