Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қайрат Сатыбалды ақшасын қайда сақтаған? - Антикор жауабы

29 желтоқсан 2022, 14:41

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлық агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты үкім бойынша тағы қандай эпизодтардың барына қатысты сұраққа жауап берді.  

 

Иә, қазір тексеріліп жатыр. Кеше біз баспасөз қызметі арқылы ресми ақпараттар ұсындық. Жалпы, активтерді қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Антикор жүргізуде. 600 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылды, бұл активтер мен қолма-қол ақшалар. Біз ол туралы (ақпаратты – ред.) белсенді ұсындық, - деді Антикор төрағасының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында.  

 

Сондай-ақ ол Сатыбалдының қаражаттар мен бағалы заттарды қайда сақтағанына тоқталды. 

 

Ол (қаражат пен бағалы заттар – ред.) өзінің жекеменшігі. Өзінің жеке мүлкі. Олардың қайда сақталғанына қатысты нақты ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы, олар (ақша мен бағалы заттар – ред.) мемлекетке қайтарылды, - деді Ұлан Сарқұлов.