Қайрат Сатыбалды ұсталғанда, қызының Дубайдағы ұзату тойы дүркіреп өтті (видео)

14 наурыз 2022, 18:35

Қайрат Сатыбалды қазір уақытша ұстау қапасында отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Аса ірі көлемде қаржы жымқырмақ болды деп күдікке ілінген Қайрат Сатыбалдының қызы Аида Сатыбалды мен Жәңгір Түсіпбековтің үйлену тойының видеосы Қазнетте қызу талқыланып жатыр. Той Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен.

 

Қайрат Сатыбалдының қызының тойының бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда екі жастың үйлену тойының дүркіреп өткенін байқауға болады. БАӘ-де өткен қуанышқа той иелері 7 қабатты тортты арнайы тапсырыспен жасатқан.

 

"Мына торт менің екі бөлмелі үйім секілді екен", "Қаншама халықтың көз жасы десеңші. Айлық жетпей, жұмыс жоқ. Бұлар Дубайда той жасап жатыр", "Әкесі қамауда отыр, мыналарда ми жоқ екен", "Мына тортқа бүкіл араб халқын тамақтандыруға болады", "Қазақы мақтаныш қалмайды екен", — деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

 

<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/tv/CbDL1DqDOVb/embed/?cr=1&amp;v=14&amp;wp=540&amp;rd=https%3A%2F%2Fexk.kz&amp;rp=%2Fkk%2Fnews%2F125120%2Fkairat-satybaldy-ustalganda-kyzynyn-dubaidagy-uilienu-toiy-durkiriep-otti-vidieo#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A449626.1000000015%2C%22ls%22%3A449549.799999997%2C%22le%22%3A449622%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="1080" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" style="background: white; max-width: 540px; width: calc(100% - 2px); border-radius: 3px; border: 1px solid rgb(219, 219, 219); box-shadow: none; display: block; margin: 0px 0px 12px; min-width: 326px; padding: 0px;"></iframe>