Мәжіліс кулуарында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босауға мүмкіндігі бар екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында сот Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Әсет Шындалиев Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сотта тек екі эпизод – "Қазақтелеком" мен "КСО" бойынша қаралғанын айтты.
26 қыркүйекте сот Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айырды.
Әсет Шындалиев, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары:
– Ол жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін - бұл террористік қылмыс сияқты ауыр қылмыс жасағандардан басқалардың бәріне қолданылады.
Ол қазір басқа істер тексеріліп жатқанын айтты.
Экономикалық сұрақтар қарастырылып жатыр. Сондай-ақ салық, қылмыстық жолмен табылған қаражат және басқа да бірқатар істер бар, деп мәлімдеді Әсет Шындалиев.