Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақ әні Кореяда шырқалмақ

26 қаңтар 2011, 18:01

15-22 мамыр аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының камералық оркестрі Оңтүстік Кореяда өтетін «Ұлы Жібек жолының елдері» атты фестивальге қатыспақ. Камералық оркестрдің құрамы – 16 адам.
Үлкен сапар алдында оркестрдің көр­­­кем­дік жетекшісі әрі дирижері жас му­зыкант Ерболат Ахмедияров баста­­ған шы­ғармашылық ұжым өз тыңдар­ман­да­рына арнап классикалық туындылардан концерт қойды. Оркестр репертуарында Алмас Серкебаевтың «Шалқымасы», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі», «Қыз Жібек» операсынан «Толқыма», «Абай» операсынан «Қосалқа» мен «Қарлығаш» сынды туындылар бар. Таңғы шық елінің өнерсүйер қауымы мен фестиваль қонақ­тары оркестр орындауындағы Моцарт пен Оффенбах, Штраус, Вивальди мен Римский Корсаковтың классикалық шы­ғар­маларын да тыңдамақ. Сондай-ақ қа­зақтың халық әндері де «Дударай» во­каль­ды ансамблінің орындауында фести­валь­да көпшілікке ұсынылады.