Қазақ-қырғыз шекарасында көліктер өте алмай жатыр

17 желтоқсан 2022, 09:23

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктер өте алмай жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Көрші елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша Қырғызстаннан шығу үшін «Чон-Қапқа-Автодорожный» бақылау бекетінде жиырмаға жуық жеңіл, ал «Ақ-тілек-Автодорожныйда» жүзге жуық жүк көлігі тұр.

 

Кептеліс жанар-жағармай тасымалдайтын көліктердің көбеюі және кейбір жүргізушілердің кезек тәртібін сақтамауына байланысты туындаған.

 

Шекара қызметі биліктің ешқандай шектеу қоймағанын және барлық «көлік өткізу» пунктінің әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын жеткізді.