Ел жаңалықтары

Қазақстан 161 Қытай азаматын кіргізбей қойды

  • Қазақстан 161 Қытай азаматын кіргізбей қойды

    Қазақстан 161 Қытай азаматын кіргізбей қойды

Оның айтуынша, бүгінгі күні жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылған.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов елдегі төтенше жағдайға байланысты мұнай-газ саласында істейтін 161 Қытай азаматы елге кіргізілмегенін айтты.

"Бірқатар мемлекеттерден шетелдік қызметкерлердің елге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты жоғары білікті мамандарды ауыстыру, жергілікті еңбек нарығында іздеу жалғасатын болады. Мысалы, қазіргі уақытта "КРІ" ЖШС жобасында барлығы 397 ҚХР азаматтары жұмыс атқарып жатыр. Енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстанға  161 Қытай азаматы кіргізілмеді. ҚР энергетика министрлігі премьер-министрдің тапсырмасын орындау үшін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Атырау облысының әкімдігімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен KPI бірлесіп, азаматтарды жергілікті персоналмен ауыстыру  бойынша шараларды әзірлеп жатыр", - деді Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, бүгінгі күні жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылған. 

"Әңгімелесу мен тәжірибелік емтихандардың қорытындысы бойынша құрылыс алаңында жалпы құрылыс жұмыстарына 50 адам ұсынылып, 45 адам жұмысқа қабылданды. Бұл  жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады", - деді вице-министр.

 

 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30