Ел жаңалықтары

Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді

  • Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді

    Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді

Америкалық зерттеу орталығының 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша «Мұра қоры» (Heritage Foundation) елдер рейтингінде Қазақстан өз көрсеткіштерін 20 позицияға жақсартып, 180 орынның ішінен 39-орынды иеленді (2019 жылғы рейтингте – 59-орын). Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

 Heritage Foundation Қазақстанның 2020 жылғы рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан алғанда анағұрлым маңызды оң серпіні бар 10 елдің біріне айналғанын атап өтті. 

Оң серпін фискалдық тұрақтылық, меншік құқығын қорғау, мемлекеттік органдардың тиімділігі, мемлекеттік шығыстардың тиімділігі, бизнестің бостандығы, сауда еркіндігі, сот жүйесінің тиімділігі секілді көрсеткіштер бойынша байқалды. 

Тұрақты динамика инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.

 Салыстыру үшін, 2020 жылғы экономикалық еркіндік индексі бойынша елдер рейтингінде Ресей Федерациясы 94-орынды, Өзбекстан Республикасы 114-орынды, Беларусь Республикасы 88-орынды, Қырғыз Республикасы 81-орынды иеленді. 

Экономикалық еркіндік деңгейі аса жоғары 5 елдің қатарына Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Австралия, Швейцария кірді.

 «Мұра қоры» (The Heritage Foundation) америкалық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық еркіндігі туралы есеп шығарады. 

Экономикалық еркіндік индексі (Index of Economic Freedom) – тиісті рейтингті қалыптастыратын экономикалық еркіндік деңгейін бағалайтын біріктірілген көрсеткіш.




Көрілген: 213    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 14:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30