Ел жаңалықтары

Қазақстан 2060 жылға қарай көмірден түбегейлі бас тартады

  • Қазақстан 2060 жылға қарай көмірден түбегейлі бас тартады

    Қазақстан 2060 жылға қарай көмірден түбегейлі бас тартады

Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлады. Кәсіпорындар жабылса, 30 мың шахтер қайда барады? Көмір өндірумен күн көріп отырған моноқалалар қайтпек? Елдегі игерілмей жатқан қатты отын ошақтары бар. Саладан түбегейлі бас тартпай, соларды жаңғырту жолын іздеуге болмай ма? Сұрақ көп. Ұсыныс та жоқ емес.

Мамандар көмірді қайта өңдеуге қауқарымыз бар дейді. Бастысы, 10 жылдық стратегия түзіп алу қажет. Көмір өндірушілер үшін ішкі және сыртқы нарыққа қанша көлемде энергия көзі қажеттігін жіті зерделеп алу маңызды.

 «Баламалы энергия көздері дамыған сайын электр қуаты да қымбаттап жатыр. Біз газды көмірмен алмастырар болсақ оның мөлшері қандай болуы керек? Білсек дейміз. Жалпы газ бойынша стратегияны қайта қарау маңызды. Көгілдір отын өзімізге жетпей жатып, бұл саланы дамытамыз деу қате. Шағын қалаларды өлтірмей, шығарып жатқан көмірін қайта өңдеуге мүмкіндік берілуі керек», - дейді тау-кен өндіруші кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
Бүгінде әлем халқын энергия тапшылығы алаңдатып отыр. Көптеген мемлекет көмірге көшуді көздей бастады. Қатты отын қымбаттап жатыр. Бұл мүмкіндікті пайдалану керек дейді мамандар. Еуропа, Азия елдерінен түсіп жатқан сұранысты толық өтеуге қауқарымыз да жеткілікті. Биыл Қазақстан 23 млн тонна көмір экспорттаған. 




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 22:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30