Ел жаңалықтары

Қазақстан аумағында күн тұтылды

  • Қазақстан аумағында күн тұтылды

    Қазақстан аумағында күн тұтылды

Бұл ерекше сәтті 60 мемлекеттің тұрғындары тамашалады. Сирек болатын астрономиялық құбылысты қазақстандықтар да көрді. 

"Хабар 24" телеарнасының мәліметіне қарағанда, Күннің тұтылуы, әсіресе, еліміздің солтүстігінде ұзағырақ сақталған. Павлодар, Өскемен, Семей және Петропавл қалаларында тұтылған күн 36 пайызға көрінген. Аспан құбылысы кешкі 6-да басталып, бір сағатқа созылды. Күнді ай тасалап, дөңгелек диск тәріздес болып көрінді.

Астрофизиктер биыл күн 4 мәрте тұтылатынын айтады. Күннің ең ұзақ уақытқа тұтылған сәті 2010 жылы 15 қаңтарда тіркелген. 

 Қызығушылық танытатындар өте көп. Космоспен байланысты кез келген құбылыс адамзат үшін жаңалық. Таңғажайып сәтті тамашалау да бір ғанибет. Бұл туралы ғалымдар да зерттеп, өз болжамдарын айтып жатыр, - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Геннадий Кузьмин. 
Ал профессор Андрей Солодовник Күннің тұтылуы Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда солтүстікте ұзағырақ байқалатынын айтады. 

Аспан құбылысы өзге өңірлерге де көрінуі тиіс. Сондықтан жұрт бұл сәтті бір мезетте тамашалады десе де болады, - дейді ол.

"Хабар 24"




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 23:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30