Ел жаңалықтары

Қазақстан бес мемлекетпен әуе рейстерін жандандырды

  • Қазақстан бес мемлекетпен әуе рейстерін жандандырды

    Қазақстан бес мемлекетпен әуе рейстерін жандандырды

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес бернеше мемлекеттерге әуе рейстерін көбейтуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін келесі бағыттар бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді:

 Черногория - 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы - Подгорица - Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан - Подгорица - Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.

БАӘ - 2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматы - Дубаи - Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан - Дубаи - Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан - 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы - Тамшы - Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан - 2021 жылғы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы - Самарқанд - Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау - Франкфурт - Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау - Амстердам - Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 18:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30