Ел жаңалықтары

"Қазақстан дегенде табиғи ресурстар көз алдыңа елестейді": Бразилия елшісі Қазақстан, халқы, ұлттық тағамдары туралы

  • "Қазақстан дегенде табиғи ресурстар көз алдыңа елестейді": Бразилия елшісі Қазақстан, халқы, ұлттық тағамдары туралы

Stan.kz ақпарат агенттігі Бразилия Федеративті Республикасының елшісі Рубем Корреа Барбозамен сұхбаттасты. Екі ел арасындағы қарым-қатынас, елшілердің жұмысы, Бразилия жайлы бірқатар қызықты деректерді бөлісті. Сондай-ақ, елші бразилиялық асхана, орыс тілін үйренуі жайлы айтты. 

Бразилияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Нұр-Сұлтан қаласында 2006 жылы ашылды. Рубем Корреа Барбоза Қазақстанға 2020 жылдың 3 наурызында келген. 

&ndash  Дипломат ретіндегі мансап жолыңыз қалай басталды? Осыған дейін қайда, қай елдерде жұмыс істедіңіз?

&ndash  Анамның зейінді басшылығымен ерте жасымнан дипломат боламын деп шештім. Осылайша, 11 жасымда осы бағытта мансап құруды жоспарладым. Менің елімдегі ең қатал деп танылған Бразилия дипломатиялық Академиясына түсу емтиханын тапсыру үшін өте көп оқу қажет болды. Сондай-ақ, күнделікті оқуды жалғастырып отыру керек, себебі елдер, жалпы әлем тоқтаусыз дамиды. Осыған дейін Оттава, Лагос, Лиссабон, Богота, Лос-Анджелес, Канберра, Джакартада дипломат болып қызмет еттім, қазір Нұр-Сұлтан қаласында Бразилия Федеративті Республикасының елшісі ретінде орнықтым.

 

&ndash  Бразилия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты қалай бағалайсыз?

&ndash  Екі ел арасындағы қарым-қатынас әрқашан жағымды әрі құрылымды болып келді. Сауда мен инвестицияның өсуіне мүмкіндіктер бар, ал екі ел үкіметі ядролық қаруды таратпау, терроризмге қарсы күрес, шекараны қорғау, туризм мен спортты дамытуға қатысты мүдделес болып отыр.

&ndash  Бразилияда елшілер қалай таңдалады және тағайындалады? Оларды қалай оқытады, елшілер үшін арнайы курстар бар ма?

&ndash  Елшілер әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін Бразилияның Сыртқы істер министрі тарапынан шақырылып, сайланады. Республика президентіне олардың аты-жөні ұсынылады, қабылдаушы жақ тізімді бекіткен соң қажетті "агреман"  (бір мемлекеттің басқа мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің басшысы ретінде белгілі бір адамды тағайындауға алдын ала келісімі - авт.)  сұралады. Елшілер Бразилия Федералды Сенатының сыртқы істер және қорғаныс жөніндегі комиссиясының алдынан өтуі керек. Олар мақұлдаған жағдайда президент белгілі бір елде жаңа елші тағайындай алады.

 &ndash  Қазақстан сияқты елдің бар екенін қашан білдіңіз? Осыған дейін Қазақстанды қалай елестеттіңіз?

&ndash  Қазақстанды алғаш рет 1991 жылы Тәуелсіздігін жариялаған кезде білдім. Содан бері кәсіби қызығушылығыммен экономикалық жетістіктерін бақылап отырдым. Осы жетістіктер елімнің үкіметінің Бразилия елшілігін Нұр-Сұлтанда 2006 жылы ашуына себеп болды. 

Бразилияда Қазақстан дегенде көбінесе табиғи ресурстар көз алдыңа елестейді. 2009 жылы Бразилия президенті бұл елге ресми сапармен келді, бұл Латын Америкасы президентінің Қазақстанға алғашқы сапары болды.

&ndash  Қазақтардың асханасына үйрендіңіз бе? Қандай ұлттық тағамдардың дәмін таттыңыз, Бразилия асханасынан айырмашылықтарын байқадыңыз ба?

&ndash  Қазақ асханасымен толықтай қанығуға мүмкіндік болған жоқ, оған себеп - пандемия мен енгізілген шектеулер қалыпты өмір сүруге кедергі болды. Осыған орай елге келгелі бері сыртқа шығуға көп мүмкіндік болған жоқ. Бразилияда қолжетімді халықаралық асхананың дәмін ғана татып көрдім. Бразилия асханасы: негізінен еттен, құс етінен, күріш пен ерекше дәмі бар бұршақ тұқымдастардан тұрады, бұл тропикалық ауа райына байланысты болады.

 

&ndash  Қазақстанда сізді таңғалдырған жайттар болды ма? Сіз әлі де үйренбей келетін елдің тұстары бар ма?

&ndash  Қазақстанның өзі де, халқы да мені қатты таңғалдырды деп айта алмаймын. Ел туралы, оның тұрғындары жайлы осы жаққа келмей тұрып оқып біліп алдым. Covid-19 пандемиясы салдарынан әлі күнге дейін саяхаттай алмай жүрмін. Алайда Нұр-Сұлтанда бірқатар жақсы адамдармен таныстым. Бұл - заманауи әрі шабыт беретін идеяларға толы зиялы адамдар. Олар жұбайым екеуміздің ел астанасында өзімізді еркін сезінуге жағдай жасады.

&ndash  Қазақстанда басыңыздан өткен қызық оқиға жайлы айтып берсеңіз

&ndash  Бірнеше ай оқшауланған соң серуендеуге мүмкіндік болған жоқ, сондықтан осы уақыт аралығында орыс тілін үйрендім. Оны қазақ мұғалімі, өте еңбекқор, өз ісіне адал, талапшыл қыздан үйренудемін. Тілді үйренудегі ілгерілеуім осы кісінің арқасы. 

 &ndash  Көптеген туристің Бразилияға саяхаттауға қорқақтайтыны жасырын емес. Шынымен де ел "криминалды беделімен" танылған ба?

&ndash  Бразилия жыл сайын 6,5 миллион туристі елге қабылдайды, олардың көбі елге бір емес, екінші, үшінші рет келіп жатқандар. Бразилия - халық саны бойынша алтыншы,  территориясының ауқымдылығы бойынша бесінші ел. Әрине, оқыс оқиғаларды алдын алу мүмкін емес. 

Менің елім және оның халқы ұзақ мерзімді достық кейіпін, саяхат пен сұлулықтың образын қалыптастырғаны арқасында шетелдіктер бізге қонаққа асығады, солардың ішінде көшіп келетіндері, тұрақтап қалатындары бар. Туристік индустриямыз дамыған сайын шетелдіктерді де құшақ жая қарсы алатын боламыз, соның ішінде Қазақстан туристерін де. 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28