«Қазақстан халқына» қорына он күн ішінде 42 млрд теңге түсті

26 қаңтар 2022, 23:34

Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына 16-25 қаңтар аралығында 42 миллиард теңгеден астам қаражат түсті, деп жазады sputnik.kz.

"2022 жылдың 16-25 қаңтары аралығында (қоса алғанда) қоғамдық қорға 65 703 қазақстандықтан 39,1 миллион теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендер 42,1 миллиард теңге аударды", - делінген қор хабарламасында.