Ел жаңалықтары

Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

  • Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

    Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

2020 жылы Қазақстан инновация деңгейі бойынша 131 мемлекет қатысқан әлемдік рейтингіде 77-орынға жайғасты, деп хабарлады ranking.kz.

Бұл тізімде еліміздің индексі 28,6-ны құрады. Нәтижесінде Қырғызстаннан алда, Ресей, Армения сынды экономикалық одақ мемлекеттерінен артта қалдық.  Ал әлемдік рейтингіде Швейцария, Швеция және АҚШ көш бастап тұр.

Жалпы бұл тізім &ndash дүниежүзі елдеріндегі инновация дейгейін анықтайтын жоба. Индекс 80 көрсеткіш негізінде экономикалық жағдайы әр түрлі мемлекеттердегі жаңа технологиялардың даму көрсеткішін айшықтайды. Рейтингіде көрсеткіштер 2 бағыт бойынша есептеледі. Олар:  - Инновация үшін жасалған жағдай (Innovation Input); - Бұл салада жеткен жетістіктер (Innovation Output).

Бірінші бағыт бойынша Қазақстан рейтингте 60-сатыға жайғасты. Ал екінші бағыт бойынша 94-орынға ие болды. Осылайша ортақ нәтижелер 77-орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Әлем елдерінің инновация дейгейін анықтайтын 80 көрсеткіш 7 негізгі санатқа жіктелген. Бұл ретте «Институттар» бағыты бойынша Қазақстанның индексі 69-ды құрады. Аталған санат мемлекеттегі кәсіпкерлік, саясат, құқықтық базаны бағалайды. Бұл еліміз үшін жақсы нәтиже болып есептеледі.

Ал ең төмен баға «Шығармашылық нәтижелер» санаты бойынша берілген. Бұл рейтингідегі 105-орын. Аталған көрсеткіш материалдық емес активтерді, интернет қызметінің деңгейін анықтайды. 

BAQ.KZ




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 08:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28