Ел жаңалықтары

«Қазақстан интернет еркіндігі төмен елдердің қатарына кірді» - Freedom House

  • «Қазақстан интернет еркіндігі төмен елдердің қатарына кірді» - Freedom House

    «Қазақстан интернет еркіндігі төмен елдердің қатарына кірді» - Freedom House

Халықаралық Freedom House ұйымы интернет еркіндігі бойынша зерттеуін жариялап, мемлекеттердің рейтингін түзді, деп хабарлайды azattyq-ruhy сайты. 

 Рейтинг басылым, трансляция және онлайн-БАҚ еркіндігінің дәрежесіне қарап жасалады.

Интернет еркіндігі бойынша рейтинг барлығы 65 мемлекеттің ішінде жүргізілген. Бұл ретте көш басында Исландия, сондай-ақ ТОП-5 елдің қатарына Эстония, Канада, Германия мен Аустралия кірген. Осыдан бір жыл бұрын 46-орында болған Қазақстан биыл тізімде 50-орынға жайғасқан. ТМД елдерінің ішінде Беларусь 48-орында, Әзірбайжан 45-орында, Қырғызстан 25-орында тұр.

Жалпы, рейтинг жасауда мына факторлар назарға алынған:

интернетке қолжетімділікке кедергі келтіру;
контент мазмұнына байланысты шектеулер (сайттарды бұғаттау, цензура);
пайдаланушының құқығын бұзу (желідегі әрекеттерді, құпиялылықты бақылау).
Рейтингте шартты түрде үш топ айқындалған: «еркін», «жартылай еркін» және «еркін емес». Қазақстан соның ішінде интернеті еркін емес топқа кірген.   




Көрілген: 312    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 12:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31