Ел жаңалықтары

Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуе компаниясының қызметін тоқтатты

  • Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуе компаниясының қызметін тоқтатты

    Қазақстан Ливияға қару тасымалдаған үш әуе компаниясының қызметін тоқтатты

Ағымдағы жылдың ақпан айында БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен Ливияға қару жеткізу эмбаргосына қатысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің санкцияларының бұзылуы бойынша хаттарды ұсынды. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, Қазақстанда тіркелген әуе кемелерімен бұзған үш әуе компаниясы бойынша жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әуе кемелерінің меншік иелері Біріккен Араб Әмірліктерінде және Британдық Виргин аралдарында тіркелген шетелдік компаниялар.

 

Аталған әуе кемелерін пайдаланушылардың әуе кемелері Таяу Шығыс
аймағында шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайдаланылды.
Әуе кемелерінің негізгі базасы Біріккен Араб Әмірліктері болып табылады. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің санкциясы бар елдерге рейстер үшінші
елдердің аумағынан жүзеге асырылды.

Халықаралық практикаға сәйкес шетелде қалыптастырылған тасымалданатын жүктердің сипатын пайдаланушы Қазақстан тарапы бақыламайды. Оны ұшулар жүзеге асырылатын шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары бақылайды.

Қазақстан Республикасы заңнамасының, ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бас директорының 2020 жылғы 29 мамырдағы №167/1 бұйрығына сәйкес жүзеге асты. Нәтижесінде азаматтық әуе кемелерінің аталған үш әуе компанияның пайдаланушысы сертификатын, оның ішінде Sigma Airlines ЖШС пайдаланушы сертификатының қолданылуы уақытша тоқтатылды.

Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық әуе компаниясына Ливияға қару-жарақ жеткізгені үшін айыпталғаны белгілі болады.

 
 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31