Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жолы 1 желтоқсанда жабылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
 "Шекара пунктерінің қызметі 2 желтоқсанда қайта жанданады. Комитет өз кезегінде жүк тасушыларды жоспарларын дұрыстап алуға шақырады", - делінген ресми хабарламада. 
Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті қытайлық тараппан келісімшарт бойынша міндеттемелерді қайта қарау қажет екенін жариялаған еді.