Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады

08 тамыз 2022, 23:24

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі хабарлады.

25 шілде мен 5 тамыз аралығында Алматыда қазақ-өзбек үкіметтері делегациясының кезекті отырысы өткен. Сол жиында екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жобасы бекітілді.

"Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады" деп жазылған СІМ хабарламасында.

Келесі кездесу Өзбекстанда өтеді.