Ел жаңалықтары

Қазақстан министрліктерінде қысқарту болады

  • Қазақстан министрліктерінде қысқарту болады

    Қазақстан министрліктерінде қысқарту болады

Министрліктерде қанша мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылатыны осы жылдың желтоқсан айына дейін белгілі болады. Бұл кейбір өкілеттіктерді жергілікті атқарушы органдарға берумен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова қанша мемлекеттік қызметші қысқартылатынын айтқан жоқ. Себебі қазір функционалды талдау жүргізіліп жатқанға ұқсайды. Министрліктерде қысқаратын штат саны тек соның қорытындысынан кейін белгілі болмақ.

"Кешенді талдау осы жылдың желтоқсанына дейін аяқталады", - деді Шайымова мәжіліс кулуарында.


Ол мемлекеттік органда бір функцияны бір ғана адам атқармайтынын атап өтті. Бір қызметке бірнеше адам жұмылдырылуы мүмкін, сол себепті әр функцияны жеке дара қарастыру керек.

"Бұл бір күннің жұмысы емес. Белгілі бір уақытты қажет етеді. Парламентте заң жобасы қаралып біткенге дейін бұл жұмыс аяқталады деп ойлаймын", - деді вице-министр.
Шайымова бұл әлеуметтік мәселе болғандықтан, мемлекеттік қызметшілер механикалық түрде жаппай қысқартылмайды деп сендірді.

 

Қысқарту немен байланысты


Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Оған сәйкес, үкімет, министрліктер мен әкімдіктер арасында өкілеттіктер қайта бөлінеді.

Үкіметтен министрліктерге 88 өкілеттік, орталықтан өңірлерге үш функция, облыстық деңгейдегі кейбір өкілеттіктер аудандық деңгейге беріледі. Сондай-ақ, министрліктер арасында екі функция қайта бөлінеді.

Қысқартылған штаттан үнемделген ақша білікті, кәсіби мамандардың жалақысын арттыруға жұмсалады.




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 14:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30