Ел жаңалықтары

Қазақстан өлім жазасын алып тастайды: Депутаттар елде қылмыс көбейіп кететінін айтып алаңдауда

  • Қазақстан өлім жазасын алып тастайды: Депутаттар елде қылмыс көбейіп кететінін айтып алаңдауда

    Қазақстан өлім жазасын алып тастайды: Депутаттар елде қылмыс көбейіп кететінін айтып алаңдауда

Бүгін, 13 қазан мәжіліс Қылмыстық кодекске өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Мәжіліс депутаты Артур Платонов Қазақстан өлім жазасын алып тастағаннан кейін елде қылмыс санының өсіп кетуіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Депутаттың айтуынша, әлемдегі жағдай лаңкестіктің шекарасы жоқ екенін көрсетіп отыр. Бұл әлемдік қоғамдастық үшін қазіргі заманғы басты қауіптің бірі.

“Ауғанстан мен басқа да елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты айтыңызшы, терроризм, жалдамалылық, диверсия үшін өлім жазасын алып тастау арқылы мемлекетіміз бен азаматтарымыздың қорғанысын әлсіретіп жатқан жоқпыз ба?", -деп сұрады депутат Артур Платонов мәжілісте Қылмыстық кодекске өлім жазасы бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау кезінде.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, өлім жазасымен террористі тоқтату мүмкін емес.

"Теракт жасауға баратын террорист, ең алдымен, өз өмірін қатерге тігеді. Біз бәріміз мұны білеміз. Сондықтан тек қана өлім жазасымен террористі тоқтата алмаймыз", - деді ол.

Шындалиев Қазақстан лаңкестікпен күрес үшін кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша арнайы бағдарлама қабылданды.

"Оның үстіне, сіз айтқан қылмыстар үшін бізде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы бар. Бұл да ең ауыр жаза. Өйткені адам бүкіл өмірін темір торда өткізеді", - деді бас прокурордың орынбасары.

Айтуынша, өлім жазасы қылмыстың төмендеуіне немесе, керісінше, өсуіне әсер етеді деген пікір жоқ. Бұған түрлі зерттеулер дәлел.

"Бірақ біздің практикаға көз жүгіртсек, мысалы, біздің Қылмыстық кодексте кісі өлтіргені үшін өлім жазасы болғанда, мұндай қылмыстар екі, ал кейбір жағдайларда үш есе көп болған. Яғни елдегі қылмыстың жай-күйіне өлім жазасының бар-жоғы әсер етпейді", - деді Шындалиев.

Stan.kz.




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 15:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31