Ел жаңалықтары

Қазақстан Президентінің Жолдауы туралы

  • https://24.kz

    https://24.kz

Соңғы 5 жылда Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістер оң бағытта дамыды. 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған Қазақстан ТМД-ның кейбір елдерімен қатар бір болмыс дағдарысымен бетпе-бет келді.

Коммунистердің 70 жылдық билігі Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени құрылымына күшті ықпалын тигізді.


Бірақ арада 28 жыл өткен соң Қазақстанның ішкі және сыртқы салаларда ірі жетістіктерге қол жеткізуіне куә болып отырмыз. Бұл жетістіктер жаңа Қазақстанның негізін қалаған, осы елдің экономикалық және саяси дамуының сәулетшісі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның көреген саясатының жемісі. Ол бұрынғы Кеңес Одағынан мұраға қалған мешеу экономикаға ие Қазақстанды әлеуметтік, адам құқығы мен демократия салаларында әлемдік талаптарға жауап беретін дамыған мемлекетке айналдырды.


2019 жылы Назарбаев мырзаның жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа билікті бейбіт түрде беруі Қазақстандағы демократияның бір үлгісіне жатады. Бұл Қазақстанға көрші елдер үшін тосын жайт.


Орта Азия және Кавказ елдеріне көз жүгіртсек, осы елдердің өткен 27 жылда саяси, экономикалық және мәдени дамуына кедергі болған ұлтаралық және діни қақтығыстарға куә боламыз. Бірақ Назарбаев мырзаның қырағы саясаты ұлттық мүддені қорғау және қауіпсіздік мәселелерінде осы ел халқының бірлігіне және Қазақстанның әлемдегі бір демократиялық әрі дамыған ел ретінде танылуына жол ашты.


Қазақстанның аймақ пен әлемдегі ерекше рөлі мадақтауға лайық. Алматыда Иранның ядролық келіссөздерінің өткізілуі, Астанада Сирияда бейбітшілік орнату үшін отырыстардың ұйымдастырылуы, Қазақстанның ШЫҰ-ға мүшелігі, ИЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстан халқы мен үкіметі үшін үлкен жетістік десек қателеспейміз.


Сондықтан Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі осы ел халқына Жолдауы Қазақстанның дамуына, қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бағытталған әрі бұрынғы Президент Назарбаев мырза қалап кеткен елдің дамуы бағытын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді.


ҚР Президенті Жолдауында келесі өте маңызды мәселелерге мән берілген:


- мемлекеттік органдар мен халықтық ұйымдарда демократияны нығайту. Азаматтардың құқығы үкіметтік құрылымның негізі болып табылады.

- экономикалық дамуға қол жеткізу, Қазақстанның дамуы және оны халықаралық айдында бір дамыған елге айналдыру үшін ғылым мен жаңа технологияларды пайдалану.

- ұлттық татулық, Қазақстан азаматтары ретінде барлық этностардың құқықтарына құрмет көрсету, діни ғұрыптарын жасауына көмектесу, үкіметтің жаңа Қазақстанның негізі болып табылатын халықтың барлық азаматтық құқықтарын қолдауы.

- сыртқы саясатты дамыту, халықаралық айдында белсенді рөл ойнау үшін аймақ және әлем елдерімен халықаралық байланысты нығайту, әлем халқы мыңдаған жылдық тарихи бар деп есептейтін Қазақстан халқының жетістіктерін, технологияларды игеруін, демократиялық үкіметін паш ету.


Қазақстан Президентінің Жолдауы саяси, экономикалық, қауіпсіздік және мәдени салаларда нұсқаулық және жол картасы болып табылады. Тек оппозицияның наразылық білдіру құқығын мойындап қоймайды, сонымен қатар келіссөздер және ұлттық татулық пен бірлікті сақтау үшін пайдалы жолдарды ұсынады.


Осындай жағдайда, Қазақстанның қандай биіктерді бағындыратынын білу үшін 2025 жылды күтуіміз керек.



Миргасем Мумени,
«Чешмандозе аброре навин» зерттеу орталығының
Бас директоры






Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30