Ел жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабы тәртібінде үндеуі

  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабы тәртібінде үндеуі

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б.Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңының 31-бабы тәртібінде үндеуі

 Құрметті отандастар!

 

Ағымдағы жылдың 28 маусымында прокуратура органдары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бейбіт митингілер мен жиналыстар өткізудің тәртібі мен шарттары туралы заңға түсініктеме берді.

Мемлекет мұндай жария іс-шараларды өткізуге конституциялық құқықты іске асыруды «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде аталған заң талаптарын бұзып, 2019 жылғы 6 шілдеде санкцияланбаған митингтерді ұйымдастыруға және оған қатысуға арандатушылық шақыруларды тарату әлі де жалғасуда.

Жүргізіліп жатқан үгіт - жекелеген адамдардың жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған кезекті талпынысы.

Конституция мен ұлттық заңнамаға сәйкес мұндай іс-әрекеттерге тыйым салынады және жауапкершілікке әкеп соғады.

Осыған байланысты, құқық қорғау органдары аталған заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесетін болады.

Рұқсат етілмеген жария акцияларды ұйымдастыруға және өткізуге шақыру, не оларға қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы  бойынша жауапкершілік қарастырылған (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу).

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе, онда Қылмыстық кодекстің 400-бабы  бойынша жауапкершілік туындайды (санкцияланбаған акцияны ұйымдастыру не оған қатысу, егер олар елеулі зиян келтірсе).

Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды заңды сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.


prokuror.gov.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 20:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31