Ел жаңалықтары

«Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді» - Берік Уәли

  • «Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді» - Берік Уәли

    «Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді» - Берік Уәли

Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеді. Ел президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында «Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, обаға қарсы 50 мың арнайы киім және елде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын» жазды деп хабарлайды "The Qazaq Times".

 Үндістанда коронавирус жұқтыру дерегі күн сайын артып барады. Ел дәрігерлері соңғы 24 сағатта 401 078 жаңа жұқтыру оқиғасын тіркеген. Эпидемия кезінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 22 миллионға жақындады. Коронавирус инфекциясымен байланысты өлім саны Үндістанда бірінші рет 24 сағат ішінде 4 мыңнан асты.

Өлім бойынша алдыңғы антирекорд 6 мамырда тіркеліп, 3 980 болған. Соңғы тәулікте Үндістанда төртінші рет тәулігіне 400 мың жұқтыру оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бастап елде тәулігіне 300 мыңнан астам адамнан коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталған. 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 14:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30