Қазақстанда 13 өңір «қызыл» аймақта

17 шілде 2021, 17:58

Қазақстанда өткен тәулікте 5658 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

2021 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.