Қазақстанда 2023 жылдан бастап темекі өнімдерінің акциз мөлшері өседі

05 тамыз 2022, 14:02

Қазақстанда келесі жылдан бастап темекі өнімдеріне акциздер көлемі ұлғаяды. Акциздік мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен арттыруды көздейтін өзгерістер салық кодексіне биыл 11 шілдедегі Заңмен енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлшерлемелер 2023, 2024 және 2025 жылдарға бекітілді, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес фильтрлі сигареттер:

2023 жылы – 14 100 теңге/1 000 дана;

2024 жылы – 15 900 теңге/1 000 дана;

2025 жылы – 15 900 теңге/1000 дана тұратын болады.

Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың өлшемін келіден данаға өзгерте отырып, сигареттер акциз ставкасының мөлшерінен 70%-і деңгейінде айқындалды:

2023 жылы – 9 870 теңге /1000 дана;

2024 жылы – 11 130 теңге /1000 дана;

2025 жылы – 11 130 теңге /1000 дана.

Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексті қолданысқа енгізу туралы" Заңның 43-бабына өзгерістер енгізілді.

Оған сәйкес, электронды темекіде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа контейнерлердегі никотині бар сұйықтыққа ставка жоғарылайды:

2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтық;

2024 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық;

2025 жылы – 55 теңге/миллилитр сұйықтық.