Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда 26 қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқарады

19 қазан 2020, 19:34

Қазақстандағы шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы Асқар Мамин тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде бірқатар талаптар қатаңдатылды:

 
- 2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;

- Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;

- Шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу

Оған қоса, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. 

24 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір мекемелер демалыс күндері жұмыс істейтін болды. Оған қоса, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады.