Ел жаңалықтары

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

  • Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

    Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу енгізіледі

Коронавирустың "омикрон" штамына байланысты ел билігі карантиндік шараларды күшейтеді  

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болғаны ескеріліп, оның республика аумағында таралуына жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда осы жылдың 3 желтоқсанынан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданған:

Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Оңтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

"омикрон" штамы табылған елдерден келетін адамдар үшін вакцина алған-алмағанына қарамастан міндетті ПТР тестілеу енгізу. Олар: Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет.

"омикрон" тіркелген елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануға тиіс.

Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитет департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беріп, ал әкімдіктер оларды емхана деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.




Көрілген: 1989    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.11.2021, 11:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31