Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады

11 наурыз 2021, 15:42

11-13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше елімізде -30 градусқа дейін аяз болады. 

 
"Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы синоптиктердің болжамына сәйкес түнде ауа температурасы - 30 градус аязға дейін төмендейді. 12 наурызға қараған түні Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында бұрқасын болады деп күтілуде. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман. 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, желдің екпіні 25 м/с", - деп хабарлайды синоптиктер.