Ел жаңалықтары

Қазақстанда 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі

  • Қазақстанда 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі

    Қазақстанда 37 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы өседі

2019 жылы 1 шілдеден бастап сараланған тәсілді қолдана отырып, бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысын арттыруға 169,7 миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Ұлттық экономика министрлігі аудандық, облыстық деңгейлерде, ауылдарда тікелей жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі қызметкерлеріне лауазымдық жалақыларын есептеу үшін коэффициенттерді көбейту жолымен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне түзетулер енгізеді. Шамамен 37 мың мемлекеттік қызметшіні қамтиды. Орта есеппен өсім - 25 пайыз, бұл ретте мамандар үшін - 25 пайыздан 30 пайызға дейін, бөлімше басшылары үшін - 10 пайыздан 15 пайызға дейін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жұмыстарды азаматтық қызметкерлер бойынша жүргізіп жатыр", - деді қаржы вице-министрі Татьяна Савельева 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді талқылауға қатысты.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде 2019 жылы 1 шілдеден бастап атқарушы органдардың төменгі қызметкерлеріне, сондай-ақ әлеуметтік бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы 30 пайызға көтерілетінін жариялады. Бюджет қызметкерлерінің жалақысын арттыру бағдарламасы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларында жұмыс істейтін 1 миллион азаматтық қызметкерлерге қатысты айтылған. 




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30